Categories Ақорда

Тоқаев: Парламенттік реформа – ел тағдырына тікелей қатысты мәселе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі арнайы Жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысты. Мемлекет басшысы өткен аптада осы топты құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

«Парламенттік реформа – еліміз үшін айрықша маңызды әрі жауапты міндет. Бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және Парламенттің өзінде кеңінен талқылануы тиіс», – деді Президент.

Алғашқы отырысқа Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, саяси партиялар жетекшілері, заңгерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Тоқаев олардың әрқайсысы елге танымал, түрлі салада тәжірибесі бар азамат екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы парламенттік реформаның тарихи маңызын айта отырып, әрбір мүшеден белсенді әрі жауапты жұмыс күтетінін жеткізді.

«Бұл – халықтың тағдырына, мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін реформа. Жұмыс тобының әр мүшесі өзіне жүктелген миссияны терең сезініп, барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс», – деді ол.

Президенттің айтуынша, реформа нәтижесінде заң шығару процесі жетілдіріліп, өкілді биліктің рөлі күшеймек. Сонымен қатар саяси жүйенің ашықтығы артып, қоғамның сенімі нығаяды деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы: жоспар мен іске асу арасындағы алшақтық

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспардан кешігіп жатыр. Мердігерлер материал жеткізудегі қиындықтарды алға тартып отыр.

Қазақстандықтардың 77,2% президентті қолдайды: КИСИ сауалнамасы

Қазақстандықтардың 77,2%-ы президентті қолдайды. КИСИ сауалнамасы мемлекет басшысына деген сенімнің барлық әлеуметтік топтарда тұрақты екенін…

Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен инвестиция тарту жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесіп, Қазақстанға инвестиция тартудың жаңа жолдарын талқылады.