Categories Қаржы

Қазақстанда электромобиль бағасы 33-35%-ға қымбаттады

Сурет: Ашық дереккөз

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға электромобиль импорттау жеңілдіктері алынып тасталды. Енді импорттаушылар кедендік құнының 15%-ы мөлшерінде баж, 16% ҚҚС және басқа салықтарды толық төлеуге міндетті. Импорттаушылардың бағалауынша, бұл өзгерістер жаңа электромобильдердің бағасын орта есеппен 33-35%-ға қымбаттатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Оның 62%-ы Алматы қаласына тиесілі.

Geely Galaxy компаниясы 2026 жылы Қазақстан нарығындағы орнын нығайту үшін модельдер бағасын төмендетті. Салыстыру үшін, 2026 жылғы қаңтарда әлем бойынша жаңа электромобильдің орташа бағасы шамамен 55 715 долларды құрады.

Электромобильдердің сатып алу бағасы өскенімен, оларды пайдалану Қазақстанда бензинмен жүретін көліктерге қарағанда тиімді. Мысалы, 10 мың шақырым жол жүруге электр энергиясына шамамен 60 мың теңге, ал бензинге 300 мың теңге жұмсалады. Сонымен қатар, электромобиль иелері жыл сайынғы көлік салығын төлемейді және ірі қалаларда тегін автотұрақтарды пайдалана алады.

Ұқсас жазбалар

Көлік вице-министрі Астана-1 вокзалындағы жаңғырту жұмыстарын тексерді

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңында болып, нысанды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының…

Энергетика министрлігі: Қазақстанда жанармай тапшылығы қаупі жоқ

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ екенін, ішкі нарықта қор жеткілікті екенін айтты.

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында…