Categories Спорт

Бельгия АҚШ құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Сурет: Getty Images

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің 9-минутында Шарль Де Кетеларе есеп ашты. Сол қапталдан бағытталған дәл пасты ұтымды пайдаланған шабуылшы бельгиялықтарды алға шығарды.

АҚШ құрамасы 31-минутта есепті теңестірді. Малик Тильманның айып соққысынан кейін доп бельгиялық қорғаушыға тиіп, қақпаға енді. Алайда Бельгия араға екі минут салып қайтадан алға шықты. Шарль Де Кетеларе әуедегі тартыста қорғаушылардан басым түсіп, баспен дәл соққы жасады.

57-минутта АҚШ қақпашысы Мэтт Фриздің қателігінен соң Ханс Ванакен 40 метр қашықтықтан бос қақпаға соққы бағыттап, есепті еселеді. Ал ойынның қосымша уақытында Ромелу Лукаку матчтың қорытынды есебін 4:1-ге жеткізді.

Осылайша Бельгия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, келесі кезеңде Испания құрамасымен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына тәжірибелі маман Жорже Жезушті тағайындауды жоспарлап отыр.

Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихында қатарынан алты матчта қақпасын құрғақ ұстаған алғашқы команда болды.

Португалия құрамасының бапкері Испаниядан жеңілген соң қызметінен кетті

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Испаниядан жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеді.