Categories Саясат

Энергиямен жабдықтаушы компаниялар лицензия алады: Қошанов жаңа талапты жариялады

Енді энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанатының энергетика саласы өкілдерімен кездесуінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында тариф саясатын жетілдіру, энергетикалық кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелер көтерілді.

«Энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланатын болады. Бұл – тұтынушылардың құқығын қорғау және сапаны арттыру үшін қажетті қадам», – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, партия өкілдері саладағы заңнаманы жетілдіру және инвестиция тарту мәселелерін де талқылады. Алдағы уақытта бұл бастамаларды іске асыру үшін нақты жол картасы әзірленбек.

Ұқсас жазбалар

Более 87% казахстанцев поддерживают политический курс страны

Компания DATAmetrics представила результаты социологического исследования, проведенного с 13 июня по 2 июля 2026 года…

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің…

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша…