Сурет: ParsToday
Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 6 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,60% төмендеп, баррелі 71,69 доллар болды. Америкалық WTI фьючерстерінің құны 0,39% арзандап, баррелі 68,42 долларға дейін түсті. Ресейлік Urals маркалы мұнайының бағасы шамамен 8% төмендеп, баррелі 51,25 долларға дейін арзандады.
Мұнай бағасына қысым көрсеткен факторлардың бірі — ОПЕК+ альянсының шешімі. Бұған дейін ОПЕК+ құрамындағы жеті ел (Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман) 2026 жылғы тамыздан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге көбейту туралы шешім қабылдаған еді.
3-4 шілде күндері Оман бағытымен Ормуз бұғазы арқылы өткен кемінде сегіз кеме күтпеген жерден кері бұрылған. Оның төртеуі кейін бағытын өзгертіп, Иран жағалауы бойымен жүрген.
Еске салайық, 3 шілдеде Иранда Жоғарғы көшбасшы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған көпкүндік аза тұту рәсімдері басталды. Қоштасу рәсіміне Қазақстан атынан Ермек Көшербаев те қатысты. Ал 1 шілдеде АҚШ пен Иран делегациялары Қатардың ресми өкілдерімен жеке кездесулер өткізді. Қатар Сыртқы істер министрлігі келіссөздерде оң ілгерілеу бар екенін мәлімдеді.
Саудиялық Al Arabiya телеарнасының дерегінше, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі 11 шілдеде Пәкістанда өтеді.

