Сурет: Астана әкімдігі
6 шілдеде Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін концерт күні стадион маңында, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет,
делінген хабарламада.
Астана күніне орай елордада 200-ден астам іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама әзірленді.

