Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жол апатынан қаза болғандар саны 20%-ға, ал жарақат алғандар саны 7%-ға кеміген. Қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтар 20%-ға, көшедегі заң бұзушылықтар 18%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған құқықбұзушылықтар 6%-ға төмендеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтың айтуынша, жыл басынан бері 8 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкоголь ішу және масаң күйде жүрудің 118 мыңға жуық дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуына байланысты 83 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген.

«Мас күйінде көлік басқарған 12 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, ал сот шешімімен 14 мыңнан астам жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар жолда жүру қағидаларын сақтамағаны үшін 245 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ол.

Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтар 9%-ға азайған. Мұрат Қабденовтың сөзінше, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар осы саладағы заң бұзушылықтарды 7%-ға төмендетуге мүмкіндік берген. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 15 мыңнан астам қызметкер жұмылады екен.

Ұқсас жазбалар

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…

Мемлекет басшысы Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.