Categories Әлем

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Сурет: Ашық дереккөз

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі күнге дейін күшінде болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріліп, түнде 28 градустан төмен түспейді. Синоптиктердің болжауынша, аптап ыстық тағы 10 күнге созылады.

Үкімет қала әкімдіктерін кондиционері бар, қарттар мен ауыр науқастарға арналған уақытша паналау орындарын ашуға шақырды.

Метеорологтар өңірдегі климаттың өте жылдам өзгеріп жатқанын айтып, дабыл қақты. Бұрын Португалияда жылына ең көбі 3 рет ыстық толқын тіркелетін болса, қазір оның саны 8-ге дейін артқан.

Айта кетейік, Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…