Categories Қоғам

Мектеп бітірушілер мен 9-сынып оқушылары емтиханды қашан тапсырады?

Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының соңына аз уақыт қалғандықтан, бітіруші түлектер мен 9-сынып оқушылары емтихан кестесін күтіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы оқу жылында 11-сынып түлектері үшін қорытынды аттестаттау 28 мамырдан 11 маусымға дейін өтеді. Емтихандар екі кезеңнен тұрады: міндетті пәндер және таңдау пәндері.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 28 мамыр – қазақ тілі мен әдебиеті, 30 мамыр – орыс тілі мен әдебиеті, 3 маусым – шет тілі, 5 маусым – математика, 7 маусым – Қазақстан тарихы бойынша емтихан өтеді. Ал 11 маусым – таңдау пәндерінің күні.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 29 мамырдан 12 маусымға дейін созылады. Олар төрт пән бойынша емтихан тапсырады: қазақ тілі, орыс тілі, математика және таңдау пәні.

Емтихан кестесін БҚО білім басқармасы да растады. Орал мектептеріндегі оқушылар да осы кесте бойынша сынақ тапсырады.

Ұқсас жазбалар

Количество легковых электромобилей в Казахстане продолжает уверенно расти

По состоянию на 1 июня 2026 года в Казахстане зарегистрировано 24 634 легковых электромобиля. За…

Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда…

Инициатива Президента «Таза Қазақстан» реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.…