Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Президент Қазақстанның АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің стратегиялық маңызына ерекше назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан америкалық компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүдделі екенін айтты. Тараптар аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Хуш Чокси Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестікті дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар бағыт бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы VEON компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады. Кездесуде…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…