Categories Шартарап

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі кезінде қол қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) және Қазақстан киберспорт федерациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат халықаралық киберспортты дамытуға және әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге бағытталған стратегиялық әріптестікті нығайтады.

Сонымен қатар Қазақ ұлттық спорт университеті мен IESF арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл келісім мамандарды бірлесіп даярлауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және киберспорт саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 1,5 млн-нан астам адам киберспортпен айналысады. 2027 жылғы әлем чемпионаты цифрлық спорт саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі болмақ. Оған әлемнің ондаған елінен ұлттық құрамалар, киберспорт индустриясының жетекші өкілдері, халықаралық спорт федерациялары, білім және ғылым саласының мамандары мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысады.

«2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы келісімге қол қойылуы – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік киберспорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Біз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға, инновацияларды қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұстанымын жоғары бағалаймыз. Қазақстан бұл әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізіп, болашақ спортшылар мен сала мамандары үшін құнды мұра қалдырады деп сенемін», деді Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринеску.

Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы Нұрасыл Медеу IESF департаментінің директоры қызметін атқарады. Бұл университет пен халықаралық ұйым арасындағы байланысты күшейтеді. Мұндай ынтымақтастық бірлескен білім беру бастамаларын, академиялық алмасу бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…

Есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды

Қазақстанда есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды. Жоба 21 лексикалық тақырыпты қамтиды.