Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен руандалықтарды Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жеделхатында Руанда Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық екі халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге қызметінде табыс, ал Руанда халқына құт-береке тіледі.

