Categories Спорт

Футболдан ӘЧ-2026: Эрлинг Холандтың голы Норвегияны 1/8 финалға алып шықты

Сурет: Fifa.com

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Норвегия құрамасы Кот-д’Ивуарды жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі команда да жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Африкалық құрамада әлемнің танымал клубтарында ойнайтын футболшылар көп. Эрлинг Холанд бастаған Норвегия кез келген қарсыласқа лайықты қарсы тұра алады.

Матч барысында командалар бір-бірінің қақпасына жиі қауіп төндірді. 39-минутта норвегиялық Антонио Нуса дәл соққы жасады.

74-минутта Кот-д’Ивуар сапынан Амад Диалло есепті теңестірді.

Кездесуде Эрлинг Холанд 86-минутта шешуші голды соқты.

Осылайша Норвегия қарсыласын 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Плей-оффта 1 шілдеде сағат 02:00-де Франция — Швеция, 06:00-де Мексика — Эквадор ойнайды.

Бұған дейін Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко құрамалары 1/8 финалға шыққан болатын.

Ұқсас жазбалар

Прагада дзюдодан Еуропа кубогінде қазақстандықтар жүлдегер атанды

Прагада дзюдодан Еуропа кубогінде Шерзод Давлатов чемпион, Нұрәділ Әлжан қола жүлдегер атанды. Ғалымжан Қырықбай финалда…

Холандтың голы Норвегияны ӘЧ 1/8 финалына шығарды

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.

Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды.