Categories Әлем

Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті

Сурет: istockphoto.com

Air Astana әуе компаниясының Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық ақау салдарынан сегіз сағаттан астам уақытқа кешікті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ 28 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:25-те ұшуы жоспарланған еді. Алайда рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар тек 19:33-те жолға шықты.

Air Astana рейстің кешігуін растап, оған техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді.

«Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық себепке байланысты 19:33-ке дейін кейінге қалдырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Әуе тасымалдаушысының айтуынша, ұшақ барлық техникалық ақаулар толық жойылғаннан кейін ғана ұшуға жіберілген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан балалар құқықтары бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына енді

Қазақстан KidsRights 2026 балалар құқықтары жөніндегі жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтап, үздік 25 мемлекеттің қатарына енді.

Қазақстан халықаралық Pax Silica альянсына ресми түрде қосылды

Қазақстан халықаралық Pax Silica технологиялық бастамасына ресми түрде қосылды. Еліміз Орталық Азиядағы аталған альянсқа кірген…

Германияда орман өртеніп, соғыстан қалған оқ-дәрілер жарылып жатыр

Германияның Рейнланд-Пфальц федералдық жерінде орман өрті шығып, Трайзен қауымдастығының 650-ден астам тұрғыны эвакуацияланды.