Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Францияның солтүстік-шығысында парашютпен секіруге арналған жеңіл моторлы ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ бортындағы 11 адамның барлығы қаза тапты. Олардың қатарында ұшқыш, бес нұсқаушы және парашютпен секіруге қатысқан тағы бес адам болған. БАҚ мәліметінше, жолаушылар арасында алғаш рет тандемдік парашютпен секіруге бел буған медбикелер де болған.

Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан аудан мен сауда орталығының маңына құлаған. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ. Апаттың себептерін мамандар анықтап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды

Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Марапатты Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары…

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.