Сурет: Egemen Qazaqstan
Германиядағы экстремалды аптап ыстық салдарынан су айдындарында қайғылы жағдайлар күрт көбейді. Неміс құтқарушылар қауымдастығының мәліметінше, соңғы үш тәулікте 20-дан астам адам суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың айтуынша, ыстық күндері су айдындарына келушілер саны әдеттегіден көп болады. Маусым айының толық статистикасы әзірге жоқ, бірақ үш күн ішінде 20-дан астам адам қаза тапты. Салыстырмалы түрде, былтыр маусымда Германия бойынша 69 адам суға кеткен және бұл өткен шомылу маусымындағы ең қауіпті ай болып тіркелген.
DLRG өкілі Мартин Хольцхаузеннің сөзінше, су апаттарының құрбаны көбінесе ер адамдар. Ұйым деректері бойынша, 2025 жылы суға батқандардың 82 пайызы ер азаматтар.
Айта кетейік, Франция астанасында тіркелген аптап ыстық салдарынан бір тәулік ішінде 109 адам көз жұмды.

