Сурет: Egemen Qazaqstan
Франция астанасында тіркелген аптап ыстық салдарынан бір тәулік ішінде 109 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметтерге шұғыл көмек мамандары үй жағдайында немесе қоғамдық орындарда тіркеген өлім жағдайлары ғана енгізілген. Ауруханалар ішіндегі өлімдер бұл статистикаға кірмейді.
Дәрігерлердің айтуынша, өлімге негізінен аптап ыстық себеп болған. Апатты күні Парижде ауа температурасы 39°C-қа жеткен. Қаланың денсаулық сақтау жүйесіне үлкен күш түскен. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ауруханаларға түскен жүктеме 36%-ға, ал жедел жәрдем қызметіне қоңыраулар саны 80%-ға артқан.

