Бір күнде елімізде 13 орман өрті тіркелді

Сурет: Egemen Qazaqstan

26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір өрт Ақмола облысында, тағы бірі Шығыс Қазақстан облысында болған. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында 9 өрт ошағы, ал «Ертіс орманы» резерватында 2 өрт тіркелген.

Барлық өрт ошақтары уақытылы анықталып, орман күзеті қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бірлескен күшімен жедел оқшауланды.

Ведомствоның хабарлауынша, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының аумағында найзағайлы ауа райы байқалған. Осыған байланысты орман күзеті бөлімшелері жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Министрлік өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылды

Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағындағы асханада төбе опырылып, екі адам медициналық көмекке жүгінді.

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты.