Сурет: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарына байланысты Достық пен Сауран көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
28 маусым күні сағат 09:00-ден 29 маусым сағат 02:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қозғалысты ұйымдастыру үшін уақытша жол белгілері орнатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.

