Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті

Сурет: Ашық дереккөз

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Зілзала салдарынан 3 мыңнан астам тұрғын жарақат алып, 12 мыңнан астам адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи апат салдарынан елде 770-тен астам ғимарат қираған. Зардап шеккен аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Құтқару операциясына жергілікті мамандар, еріктілер мен шетелден келген 2 600-ден астам құтқарушы жұмылдырылған. Ел билігі іздестіру жұмыстарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 балл болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 430-ға жуық дүмпу болған.

Мемлекет басшысы жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда 6 облыста қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 6 облыста қатты ыстық күтіледі.

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет 29 маусымда Қостанай, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды және Атырау облыстарында…