Categories Спорт

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Сенегал құрамасы Ирак командасын 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Африкалықтар сапында Пап Гуйе екі гол соқты. Хабиб Диарра, Исмаила Сарр және Илиман Ндиай да бір-бір голдан енгізді.

Осылайша Сенегал құрамасы әлем чемпионаттары тарихында бір ойында бес гол соққан алғашқы Африка құрамасы атанды.

Топтық кезең қорытындысында Сенегал 3 ұпаймен I тобында үшінші орында тұр. Команда 8 гол соғып, 6 гол жіберіп алды. Қазіргі уақытта сенегалдықтар өз топтарында үшінші орын алған құрамалар арасындағы аралық кестеде бесінші орында. Сонымен қатар 3 ұпай жинаған командалар ішінде доп айырмасы (+2) бойынша үздік көрсеткішке ие.

Ал Ирак құрамасы өз тобында бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы төртінші орынмен әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Естеріңізге салайық, Ирак құрамасы өз тарихында әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақ дзюдошысы Прагадағы Еуропа кубогында жеңіске жетті

Чехия астанасы Прагада өткен European Open 2026 халықаралық турнирінде қазақстандық дзюдошылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі…

Өзбекстан әлем чемпионатында Конгодан жеңіліп, турнирмен қоштасты

Өзбекстан әлем чемпионатындағы соңғы ойында Конгодан 3:1 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады.

Аргентина Иорданияны 3:1 есебімен жеңді, Месси 19-шы голын соқты

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Лионель Месси 19-шы…