Сурет: Коллаж: Equipe de France
27 маусымға қараған түні әлем чемпионатының топтық кезеңінде G, H және I топтарының соңғы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
I тобының жеңімпазы Норвегия мен Франция арасындағы кездесуде анықталады. Қалған құрамалар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін алаңға шығады.
Ойындар Астана уақытымен белгіленген кезекпен өтеді. Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн форматта қолжетімді болады.

