Categories Ақорда

Құрылыс нысандарын инженерлік желілерден ажыратудың жаңа тәртібі бекітілді

Сурет: Алматы әкімдігі

Қазақстанда құрылыс нысандарын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 19 маусымда Өнеркәсіп және құрылыс министрі қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжат бойынша, нысанды желілерден ажырату алдында коммуналдық ресурстарды беру тоқтатылады. Желілерді пайдаланушы ұйымдар өтініш келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ажырату шарттарын беруге міндетті.

Нысанды бұзу мақсатында ажырату меншік иесінің шешімі, заңды күшіне енген сот шешімі немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүргізіледі. Жоюға жататын нысандар тізбесіне енгізілген ғимараттарды бұзуға қала құрылысы жобалары негіз болады.

Ажырату шарттарын алу үшін мердігер ұйым, уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган желілерді пайдаланушы ұйымға өтініш жолдайды. Өтініште ажыратуды бастамашы тұлға, нысанның орналасқан жері, желілердің түрлері, жоспарланған күн және негіздемелік шешімдердің деректемелері көрсетіледі.

Өтінішке өкілеттікті растайтын құжаттар, нысанға немесе жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, қажет болған жағдайда сот шешімдерінің немесе жергілікті атқарушы орган шешімдерінің көшірмелері қоса беріледі.

Желілерді пайдаланушы ұйым ажырату шарттарын 10 жұмыс күні ішінде тегін береді. Құжатта қосылу нүктесі, ажырату күні мен уақыты, жұмыстар тізбесі, олардың мерзімі және шығындарды өтеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

Нысанның желілерден ажыратылғаны арнайы актімен расталады. Актіге желілерді пайдаланушы ұйым қол қояды, онда ажыратуды бастамашы тұлға, орындалған жұмыстар және нақты ажырату нүктесі көрсетіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов «Жазғы Давос» форумына қатысып, екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі…

Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Далянь қаласында өтіп жатқан «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумына қатысып, бірқатар…

Қазақ-қытай әріптестігі: жаңа инвестициялық жобалар талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» форумы аясында бірқатар ірі компания басшыларымен кездесіп, су шаруашылығы,…