Сурет: Egemen Qazaqstan
Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болған Қазақстан азаматына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу және басқа да процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан дипломаттары жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста болып, істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. СІМ өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан азаматы кепілдікпен босатылған. Сот отырысынан кейін қосымша ақпарат жарияланады.
Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әйелдің полициядан қашуға әрекет жасап, Пхукет көшелерінде бірнеше жол апатына себеп болғанын хабарлаған болатын. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен.
Кейін әйелді Таиландтың құқық қорғау органдары ұстап, оған қатысты тергеу басталды.

