Categories Әлем

АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында қаза тапқан Әсет Құралбайдың мәйітін елге қайтаруды ұйымдастырды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жетібаевтың айтуынша, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы марқұмның туыстарына консулдық-құқықтық көмек көрсеткен. Сондай-ақ дипломаттар қажетті құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті репатриациялауға жәрдемдескен.

16 маусымда АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін табылған мәйіттің жеке басын анықтады. Оның Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екені белгілі болды. АҚШ қызметтері мәйітті 15 маусымда тапқанымен, сол кезде оның кім екені ресми түрде расталмаған еді.

24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатының Форд-Хайтс елді мекенінде тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шығып, 7 маусымнан бастап телефоны өшірілген. Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған. 10 маусымда полиция жас жігіттің автокөлігін тапты. Кейін құқық қорғау органдары оның мәйітін анықтады.

Ұқсас жазбалар

Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР…

Еуроодақтан депортацияланған мигранттарды Қазақстан қабылдайды деген ақпарат жалған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қазақстанның Еуропа елдерінен депортацияланатын заңсыз мигранттар мен босқындарды…

Пхукетте жол апатына себеп болған қазақстандық кепілдікпен босатылды

Сыртқы істер министрлігі Пхукетте бірнеше жол апатына себеп болған Қазақстан азаматына қатысты жағдайға түсініктеме берді.