Шараға 400-ден астам Батыс Қазақстандықтар қатысып, есірткіге қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдады. Іс-шараға «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Жастар Рухы» жастар қанаты, Батыс Қазақстан облысының Оқушылар альянсы және «Есірткісіз Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысының өкілдері белсенді қатысты.
Кеш барысында есірткі қылмысының алдын алу бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген волонтерлер марапатталып, жастар қоғамды жауапкершілікке, саналы өмір салтына және дұрыс таңдау жасауға үндейтін ұрандарын жолдады.
Шараның арнайы қонақтары BIGBAN & Tuniya өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кештің көркін қыздырды.





