Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін атады

Сурет: Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін үздіксіз күрес жүргізген. Алайда алған аса ауыр бас-ми жарақаттарының салдарынан оның өмірін сақтау мүмкін болмаған.

Респираторлық қолдауды қоса алғанда, қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, науқастың жағдайы біртіндеп нашарлаған. Қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы және гемодинамиканың тұрақсыздығы тіркелген. Медицина мамандары тарапынан барлық қажетті реанимациялық және емдік шаралар толық көлемде жүргізілді. Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімімен науқас Түркия Республикасына ем алуға жіберіліп, онда бастапқы диагноз расталды, делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, сарбаздың өлімі 2026 жылғы 23 маусымда сағат 21:40-та тіркелген. Өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақатының салдары мен оған қосылған асқынулар аясында дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы болған.

Бүгін сарбаздың соңғы сапарға аттанғаны туралы адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен еді. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер оның дәретханада құлап жарақат алғанын мәлімдеген еді. Алайда сарбаздың ата-анасы ұлдарының соққыға жығылғанын айтып, оның өмірі үшін күресті.

Мамыр айында Ербаянның жағдайы күрт нашарлап, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жатқызылған болатын.

Ұқсас жазбалар

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға…

Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар әскерде қызмет ету кезінде алған ауыр ми жарақатынан көз жұмды.…