Categories Жайық news

АҚШ-та Николас Мадуроның ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті

Нью-Йорктің федералды сотында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты қылмыстық істің алғашқы тыңдалымы болды. Оларды тергеу изоляторынан сот ғимаратына жақын маңдағы ауданға жеткізген соң, процестің алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мадуро сот залына темір кісенсіз келіп, испан тілінде жауап берді. Айыптаулар оған және жұбайына 25 беттен тұратын құжатта жарияланды. Құжатта есірткі және атыс қаруын заңсыз тасымалдау, сондай-ақ «нашақорлыққа қатысты лаңкестік топпен сөз байласу» секілді баптар көрсетілген.

Істі 92 жастағы судья Элвин Хеллерстайн қарайды. Ол бұған дейін 11 қыркүйектегі теракт құрбандарының отбасыларының талап-арызын, АҚШ президенті Дональд Трамптың құжат бұрмалау ісін, сондай-ақ Харви Вайнштейнге қатысты процесті жүргізген.

«Мен кінәсізбін. Мен адал адаммын. Мен өз елімнің әлі де президентімін», – деді Николас Мадуро сот залында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

«Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.