Categories Спорт

19 жастағы Кирилл Проходов семсерлесуден Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында ерлер арасындағы сапы сайысының командалық жарысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті. Жапондық спортшылар Токио Олимпиадасының чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері болып табылады. Тартысты өткен финалда Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық бәсекенің шешуші сәтінде Кирилл Проходов ерекше көзге түсті. Жас отандық спортшыға Жапония құрамасының көшбасшысы, Токио Олимпиадасының командалық сындағы чемпионы әрі Париж Олимпиадасының жеке сайыстағы чемпионы Коки Канноға қарсы соңғы кезең сеніп тапсырылды.

Кездесудің қорытынды бөлігінде Проходов Қазақстан құрамасының басымдығын сақтап, есеп айырмасын ұлғайтып, команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.

Осылайша, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов бастаған Қазақстан командасы өздерінің басты қарсыластарының бірі Жапония құрамасын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Ұқсас жазбалар

Роналду дубль жасады: Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соқты

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Өзбекстан құрамасы Португалиядан жеңіліс тапты.

Әлем чемпионаты: екінші турда Португалия Өзбекстанмен, Англия Ганамен кездеседі

Әлем чемпионатының екінші турында Португалия Өзбекстанмен, Англия Ганамен кездеседі. Сондай-ақ Панама мен Хорватия, Колумбия мен…

Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы екінші тур матчында Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен ойсырата жеңді.…