Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» сапына ауысқаннан кейін трансферлік бағасы өсті. 17 жастағы футболшының құны 3,5 млн еуроға жетіп, Қазақстандағы ең қымбат ойыншы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша Ресейдің «Ахмат» клубында ойнайтын Максим Самородов көш бастаған еді. Оның нарықтық құны 3 млн еуро деп бағаланған.
Дастан Сәтпаев жақында «Қайрат» сапында қоштасу матчын өткізді. Ойыннан кейін Алматыдағы Орталық стадионда жанкүйерлер мен клуб басшылығы ойыншыға алғыс білдіріп, естелік жейде табыстады.
Футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы керек еді. Алайда «Челси» басшылығы оны алдын ала шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстыру туралы шешім қабылдады.
Британдық БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Сәтпаевты алдымен жастар командасында сынап көруі мүмкін.
Бұған дейін Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табыстаған еді.

