Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым жағдай Астанадағы ЭЧЭ-16 тартқыш қосалқы стансасында болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қызметкер байланыс желісінің фидер ұяшығында жұмыс істеп жатқан кезде жоғары кернеудің әсеріне ұшыраған.

Қайғылы жағдайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы растады. Компанияның хабарлауынша, оқиға 14 маусым күні болған.

«Аталған дерек бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады. Тергеу аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға ерте», — деп мәлімдеді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ өкілдері тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы тұрғын үйдегі өрттен төрт адам құтқарылды

Астанадағы 13 қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Өрт…

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері…

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Ол Сунжа өзенінен досын құтқармақ…