Сурет: Getty Images
Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін Бюргенштоктағы төрт жақты келіссөздерді жалғастырмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Қатар мен Пәкістан арқылы делдалдық хабар алмасуды жалғастырғанымен, әзірге нақты нәтиже жоқ. Келіссөздерде Иран делегациясы елдің бұғатталған активтерін босатуды және мұнай экспортына рұқсат беруді жеделдетуді талап етті.
Иран тарапы АҚШ-тың меморандум бойынша міндеттемелерін бұзуына наразылық білдіріп, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің жалғасуы қол қойылған келісімнің сақталуына байланысты екенін атап өтті.
Бұған дейін 22 маусымға жоспарланған АҚШ пен Иран арасындағы меморандум бойынша техникалық консультациялардың өтпейтіні хабарланған болатын.
Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоқы сөздері үшін кешірім сұрамайынша, Вашингтонмен келіссөзді қайта бастамайтынын мәлімдеді.

