Сурет: Egemen Qazaqstan
Екатеринбургте теміржол вокзалы маңындағы бірнеше дүкенді жүзге жуық жасөспірім тонап кетті. Олар «Магнит», «Верный», «Пятерочка» және «Монетка» дүкендеріне кіріп, тауарларды ұрлаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімдер 20 адамнан тұратын топтарға бөлініп, сөрелердегі тауарларды алып шыққан. Ұрланған заттардың көбі энергетикалық сусындар, қарбыздар және басқа да азық-түлік өнімдері болған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың рубльді құрады.

