Сурет: Egemen Qazaqstan
Балқашта жазғы маусымның басты оқиғасы – Balkhash Tour Fest-2026 фестивалі басталды. Мыңдаған қонақ екі күнге созылатын шараға қатысу үшін қалаға келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушыларды спорттық жарыстар, концерттер, гастрономиялық рекордтар және отбасылық ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Биыл алғаш рет Балқаш аспанын жүздеген жарқыраған дрон жарықтандырып, көл үстінде әсерлі шоу көрсетеді.
Белсенді демалысты ұнататындар үшін ондаған алаң мен жарыс ұйымдастырылған. Ең қызықты сайыстардың бірі – алып дженга ойыны, онда қатысушылар көл жағасында ең биік мұнара тұрғызудан бақ сынайды.
Бағдарламада ярко-кросс, мас-рестлинг, Сергей Цырульниковтың интерактивті күш шоуы, ашық суда жаппай жүзу, жағажай волейболы және басқа да шаралар бар. Фестиваль аумағында жасанды интеллекттің интерактивті аймағы жұмыс істейді, мұнда қонақтар робот-қақпашымен ойнай алады.
Гастрономиялық тосынсыйлар да аз емес: ең үлкен қазыбургер дайындап, Қазақстан рекордын орнату жоспарланған. Сонымен қатар фудкорттар, қолөнершілер жәрмеңкесі, ашық аспан астындағы кинотеатр, отбасылық демалыс аймақтары, шығармашылық алаңдар мен көбік кештері ұйымдастырылады.
Сахнада Miras Zhugunussov, AYAU, Bellucci, Domino, Нұрлан мен Мұрат және Qazaq Band өнер көрсетеді. Балалар үшін аниматорлар мен «Маша мен Аю» кейіпкерлері қатысатын арнайы бағдарлама әзірленген.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін фестиваль күндері Жастар гүлзарынан Tour Fest аумағына дейін тегін автобус бағыттары ұйымдастырылды. Автобустар сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды.

