Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Сурет: kazhydromet.kz

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық болады. Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс пен орталықта ыстық күшейіп, ауа 40-41 градусқа дейін жетеді. Батыс өңірлерде температура 22-33 градус шамасында болады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.

Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды.

Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады.