Президент төрт облыс әкіміне тапсырма берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін айтты. Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен үнемі байланыста болып, туындаған мәселелерді уақтылы шешу қажеттігіне назар аударды. Өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен және заңды бұзу әрекеттерімен күресу жөнінде тапсырма берілді.

Ұқсас жазбалар

Филиппиндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге жетті

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында 8 маусымда болған магнитудасы 7,8 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны…

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі барлық ота жасалады – Болатбек Баймаханов

Қазақстанда соңғы 10 жылда 3,5 мыңға жуық ағза трансплантациясы жасалды, оның ішінде балаларға арналған күрделі…

Астанада қыз баланы құтқарған екі азамат полиция марапатына ие болды

Астанада белгісіз ер адамның шабуылынан қыз баланы арашалап қалған екі тұрғын полиция департаментінің марапатына ие…