Categories Саясат

Мәжіліс депутаты сейсмология саласын цифрландыруды ұсынды

Сурет: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, сейсмология саласын цифрландыруды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Алматы облысы сияқты сейсмикалық белсенді аймақтарда ескерту жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол сын сағатта жер сілкінісі туралы ескертудің қысқа уақыт ішінде жетуі керектігін, бұл адам өмірін сақтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Сын сағатта жақындап келе жатқан жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс. Бұл адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде цифрландырудың маңызы зор», деді депутат.

Әбутәліп Мүтәлі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Жапониядағы UrEDAS және АҚШ-тағы ShakeAlert жүйелерін мысалға келтірді. Оның айтуынша, мұндай технологиялар апаттың алдын алуға және инфрақұрылым қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі.

Депутаттың пікірінше, қазіргі уақытта тек жер сілкінісін тіркеуге емес, тәуекелді алдын ала басқаруға да басымдық берілуі тиіс. Сондай-ақ ол шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалғанын көрсетуді талап етті.

Осыған байланысты депутат Үкіметке ерте ескерту жүйелерін бірыңғай ұлттық платформаға біріктіруді ұсынды.

Ұқсас жазбалар

Мәжіліс депутаты ҮЕҰ-ды шетелдік қаржыландыруды бақылауды күшейтуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы ҮЕҰ-ды шетелдік қаржыландыруды бақылаудағы заңнамалық олқылықтарды атап, Үкіметке нақты ұсыныстар жолдады.

Қазақстан ғылымға негізделген саясатпен халықаралық назарда

Қазақстан ЭЫДҰ-ның мінез-құлық командаларының жаһандық картасына енді. Бұл ғылымға негізделген саясаттың халықаралық деңгейде танылуына жол…

Мәжіліс депутаты кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев еліміздегі кәсіби мерекелер тізімін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ол Еңбек…