Ақсу қаласындағы зауыт аумағында трансформатордан өрт шықты

Сурет: ТЖМ/ ЖИ-мен өңделген

Ақсу қаласындағы зауыттардың бірінде трансформатордан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт салдарынан салқындатқыш май төгіліп, жалынның жақын маңдағы өндірістік учаскелерге таралу қаупі туындаған. Министрліктің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құраған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері келгеннен кейін 12 метр биіктікте трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өртті сөндіруге әуе-механикалық көбік және жақын орналасқан нысандарды қорғау мен салқындату үшін су оқпандары берілді», — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…