Categories Спорт

ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко 1:1 есебімен тең түсті

Сурет: fifa.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы алғашқы тур матчында Бразилия мен Марокко құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы Метлайф стадионында өтті. Төреші болып словениялық Славко Винчич тағайындалды.

Ойынның 21-минутында марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари қақпашы Алисон Бекерді алдап, есеп ашты. 32-минутта бразилиялық Винисиус Жуниор есепті теңестірді.

Екінші турда Бразилия Гаитимен (20 маусым), үшінші турда Шотландиямен (25 маусым) кездеседі. Марокко келесі турда Шотландиямен (20 маусым), үшінші турда Гаитимен (25 маусым) ойнайды. Алғашқы турда Шотландия мен Гаити 14 маусымға қараған түні өзара кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Марокко мен Бразилия футболшылары алаңда тең түсті

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат…

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек…

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті

Әлем чемпионатының В тобындағы Швейцария мен Катар құрамалары алғашқы кездесуін өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.