Categories Көңіл ашар

«Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қырғызстан астанасында өткен IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде отандық «Qaitadan» фильмі бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында Орталық Азия байқауы ұйымдастырылып, онда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары көрсетілді. Байқау қорытындысы бойынша «Qaitadan» «Үздік фильм» аталымында Гран-приге ие болды.

Бұл фильм соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық картиналардың бірі саналады. Өткен жылы ол үш апта ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам қаражат жинап, отандық кинопрокат көшін бастаған еді.

Бұған дейін «Qaitadan» STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша жеңімпаз атанған. Жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы болып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Ұқсас жазбалар

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

Режиссер Әліби Мұқышевтің «No Good In Sight: A Story» фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі.

Қазақстанда ашық бассейнге кіру құны 13 мың теңгеге жетті

Қазақстан қалаларында ашық бассейнге кіру құны 1 000-нан 13 000 теңгеге дейін өзгереді. Ең арзан…

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы жеке парақшасын қайта қалпына келтірді.