Categories Қаржы

Қазақстанда қызанақ әкелуге уақытша тыйым салу жоспарлануда

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан шетелден қызанақ импортын шектеуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 0702 коды) үшінші елдерден Қазақстан аумағына барлық көлік түрімен әкелуге тыйым салу ұсынылып отыр.

Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін қызанақтарға қолданылмайды. Сондай-ақ қызанақтардың Қазақстан аумағы арқылы халықаралық транзитіне рұқсат беріледі.

Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл жоба отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін тұрақты өткізуге жағдай жасауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатылымға шықты

Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатыла бастады. Карталар Avtobys валидаторлары арқылы жұмыс істейді, үш…

Құрылыс қарқыны артты, баға төмендей ме?

1 шілдеден бастап ипотека тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Құрылыс көлемі 14,5 пайызға өскенімен, тұрғын үй бағасы…

«Фридом Финанс» қорғаушысы «ҚазТАГ» агенттігімен даудың сотқа жету себебін айтты

Қазақстанда «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дау бойынша сот отырысы басталды. Осыған байланысты адвокат Назерке…