Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға сотталды

Сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік қылмыстар үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сотталғандардың бірі – Астана тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттап, айналасындағыларды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Тағы бір сотталушы – Шымкент қаласының тумасы. Ол айналасындағыларды Қазақстанда теократиялық мемлекет құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

ҰҚК мәліметінше, осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында осындай қылмыстар жасады деген күдікпен 11 адам, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды. Олар интернетте және өз айналасында экстремистік материалдар таратқан, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өз ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырған деп күдіктеледі.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ТМД елдері арасында ең тартымды мемлекет атанды

Қазақстан Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында көш бастады, 36,0 балл жинап, 53-орынға…

Мемлекет басшысы Қырғызстан парламентінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Алматы әуежайындағы құрылыс апатынан кейін тексеру басталды

Алматы әуежайындағы құрылыс апатынан кейін қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізеді.