Сурет: media.az
Түркия мен Сауд Арабиясы Ормуз бұғазына балама болатын жаңа теміржол дәлізін салуда. Бұл бағыт Сауд Арабиясынан басталып, Иордания мен Сирия арқылы Түркияға өтеді, әрі қарай Еуропамен жалғасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Келешекте желіні Кувейт, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Оманға дейін ұзарту жоспарланған. Жоба аясында екі келісімге қол қойылды.
Түркияның Көлік министрінің мәліметінше, жоба жеткізу тізбегіндегі іркілістер кезінде Ормуз бұғазына балама бағыт жасауды көздейді. Жаңа теміржол Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы үшін маңызды құрлық дәлізіне айналады.

