Categories Спорт

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 900-ге жуық спортшы қатысады

Сурет: istockphoto.com

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдары мен цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Жарысқа қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша бас сынайды. Мультиспорт бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ компьютерлер мен мобильді құрылғыларға арналған MOBA ойындары енгізілген.

Турнир қарсаңында туроператорлар арнайы туристік пакеттер әзірлеген. Бұл қатысушыларға Астананың мәдени және туристік көрікті орындарын аралауға мүмкіндік береді. Халықаралық жарыс елорданың төрт спорт нысанында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Головкиннің World Boxing басшысы болуы – үлкен жетістік, дейді министр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді Қазақстанның бренді деп атады.