Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына болжам жасады. 9 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Айта кетейік, Алматыда моншаларға қатысты экологиялық талаптар күшейтілмек. Ал Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Шөптікөл ауылының тұрғындары ұзақ жылдан бері кеніштен шыққан көк түтіннің арасында өмір сүруге мәжбүр. Тозығы жеткен елді мекеннің әлеуметтік жағдайы да нашарлаған.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…

17 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» синоптиктері 17 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.