Categories Саясат

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

Сурет: nippon.com

Ішкі істер министрлігі сталкинг жасағаны үшін сотталған адамның жәбірленушіні қайтадан қудалаған жағдайларында жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министр орынбасарының айтуынша, сталкинг туралы бапты қолдану тәжірибесі қолданыстағы шаралардың жеткіліксіз болуы мүмкін екенін көрсеткен. Мысалы, Алматы облысы аумағында осы бап бойынша сотталған азаматтың сот үкімі мен қамауға алу жазасына қарамастан, жәбірленушіні қайтадан қудалауды жалғастырған жағдайы тіркелген.

«Біз оған қатысты қайтадан қылмыстық іс қозғадық. Алайда қайталану қағидаты мен бірнеше рет жасалу белгісі – тиімді жұмыс істеуді қажет етіп отырғанын көріп отырмыз», деді Санжар Әділов.

ІІМ ұсынысына сәйкес, егер адам сталкинг үшін бұрын сотталып, кейін қайтадан жәбірленушіні қудаласа, бұл жағдай «қайталанған құқық бұзушылық» ретінде ескерілуге тиіс.

«Біз бұл санатты орташа ауырлықтағы қылмыстар қатарына ауыстырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыруды жоспарлап отырмыз», деп қосты С. Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе Мәжіліс жанындағы жұмыс тобының алаңында талқыланып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол бұл…

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды. Бұл шешім партияның кезектен тыс съезінде…

Қазақстан мен Сауд Арабиясы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясының Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесіп,…