Categories Қоғам

Жасөспірімдер жазда 100 мың теңгеге дейін табыс таба алады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мектеп оқушылары жазғы демалыста ресми жұмыс істеп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндігі бар. Бұл 14 жастан асқан азаматтарға арналған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бос орындар Enbek.kz платформасындағы «Менің жазғы демалысым» бөлімінде жарияланады. Жасөспірімдердің еңбегі арнайы заңдық талаптармен реттеледі. Ата-ананың келісімі міндетті, түнгі уақытта және қауіпті жұмыстарға тыйым салынған.

Еңбекақы мөлшері қоғамдық жұмыстарда 94 мың теңгеден басталса, «Жасыл ел» бағдарламасында 60-150 мың теңге аралығында. Орташа табыс 80-100 мың теңге көлемінде.

Жүйе алгоритмі оқушылардың жас ерекшелігіне бейімделген. Алдымен ата-ана немесе заңды қамқоршы жеке кабинет ашып, тіркеледі. Жүйе интеграция арқылы баланың деректерін автоматты көрсетеді. Бірнеше бала болса, ата-ана қай балаға кабинет ашатынын таңдайды. Тіркеу аяқталған соң кабинет іске қосылады.

Оқушы жүйеге кіріп, түйіндемесін толтырады. Жұмысқа шақыртулар осы кабинетке түседі. Ата-аналар балалардың еңбек үдерісін толық бақылайды. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер ЭЦҚ арқылы жеке кабинет аша алады.

Жазда жасөспірімдер көбіне дәмхана, сауда, жеткізу қызметі, жарнама тарату, көгалдандыру және маусымдық жұмыстарда еңбек етеді. Бұл тәжірибе жинақтап, еңбек дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікті түсініп, уақытты тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Ұқсас жазбалар

20 үздік педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді

Астанада алғаш рет өткен «EduAI: Педагогикалық хакатон» екі күнге созылды. Оған 400-ге жуық педагог қатысып,…

Қарулы күштерде екі жылдық қызметке шақырылған запастағы офицерлерді оқыту курстары аяқталды

Тылдық, техникалық және инженерлік қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйелері, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, радиациялық, химиялық және биологиялық…

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды

Астанадағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңсесінде OpenAI компаниясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында қазақ тілін…