Сурет: Egemen Qazaqstan
Оралда полиция көлік ұрлаудың біртүрлі әдісін анықтады. Ер адам ұнатқан көлігін эвакуатормен сүйреп әкеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қаланың бір көшесінде болған. Ер адам көліктің иесі жоқтығын пайдаланып, эвакуатор шақыртып, көлікті өз үйіне алып келген.
«Күдікті көлікті ұрлап, оны өз атына тіркеуді жоспарлаған», – деді полиция өкілі.
Полиция күдіктіні ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Көлік иесіне қайтарылды.

