Сурет: istockphoto.com
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер жаңбыр, найзағай мен қатты желді болжайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Тұрғындарға сақ болуға кеңес беріледі.
Абай болыңыздар: найзағай кезінде ашық жерде жүрмеңіз, биік ағаштар мен металл құрылыстардан аулақ болыңыз, – дейді мамандар.
Әсіресе Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі. Жайық өңірінде жел күшейіп, жаңбыр қатты жауады.

