Categories Қаржы

Интернеттен тауар сатып алатындарға жаңа ереже: электронды сауда операторлары заң жүзінде бекітіледі

Сурет: gov.kz

Мәжіліс кеден кодексіне өзгерістер енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді электронды сауда операторларының қызметі заңнамалық деңгейде реттеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжат бойынша, шетелдік интернет-дүкендерден тауар сатып алатын қазақстандықтар үшін жаңа тәртіп енгізілмек. Электронды сауда операторлары кедендік декларация толтыруға және баж салығын төлеуге міндеттеледі.

«Бұл өзгерістер кедендік бақылауды күшейтіп, контрафактілік өнімдердің елімізге кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар, интернет-сатып алушылардың құқығын қорғауға бағытталған», — деді Мәжіліс депутаты Серікқалиев Ерлан.

Жаңа заң жобасы аясында электронды сауда операторларының тізілімі жүргізіліп, олардың қызметіне мониторинг жасалады. Бұл шаралардың барлығы халықаралық стандарттарға сай келеді.

Ұқсас жазбалар

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми…

Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін…

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…